Ақтөбе қаласындағы

Школы города Актобе

Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы

Фото: Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы
Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы.

17:00 10.06.2016   Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимна­зиясы.

54 класс кабинеті, әскери даярлық кабинеті, үш биология кабинеті, физика кабинеттері, хореография залы,өнер бөлімі, мектеп мұражайы, 150 орындық асхана, 2 спорт залы, мультимедиа кабинеті, компьютер класы.

Басты бет
Главная страница
Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы
ГУ «Общеобразовательная средняя школа № 25 города Актобе»

Мектеп атауы: Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы


Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Ағ.Жұбановтар көшесі 273 «Б»


Телефон: 8 /7132/ 51-40-87, 51-15-89, mektep_21@mail.ru


Жалпы алаңы: 9775,9 кв.м


Материалдық-техникалық базасы: 54 класс кабинеті, әскери даярлық кабинеті, үш биология кабинеті, физика кабинеттері, хореография залы,өнер бөлімі, мектеп мұражайы, 150 орындық асхана, 2 спорт залы, мультимедиа кабинеті, компьютер класы, жиын залы заман талабына сай жабдықталған. Ақпараттық анықтама: Үш тілде оқытатын № 21 орта мектеп–гимназиясы 1991 жылы 8 ақпанда ашылған. 2007 жылы 05 ақпандағы Ақтөбе облысы әкімінің №2978 бұйрығы негізінде «Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп–гимназиясы» мәртебесін алды.


Мектеп–гимназия ғимараты 1200 балаға есептеліп салынған. Бүгінгі таңдағы мектеп-гимназия контингенті – 1670 оқушы. Мектеп-гимназиясының негізгі бағыттары.Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің типтік оқу жоспарына сәйкес математика, биология пәндері 7 кластан бастап ағылшын тілінде, орыс тілі мен әдебиеті орыс мектебінің бағдарламасына сай жүргізіледі. «Өнер» мектебі жұмыс жасайды (хор, вокал, хореография, сурет үйірмелері ).


Жетістіктері: Педагогикалық ұжымның төмендегідей жетістіктерін атап өтуге болады: 2006 жылы ІІ Республикалық «Білім ұясы» конкурсында ІІ орын және «Білім ұясы: Болашақтың мектебі» атағын, 2011 жылы Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатын, 2008-2009, 2009-2010, 2010-2011 оқу жылдарында педагогикалық жетістіктердің конкурс – марафонында «Облыстың ең үздік инновациялық мектебі» атанып, облыс әкімінің грантын иеленді.


2011 жылы ІІІ Республикалық «Білім ұясы» конкурсынан Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен,


2012 жылы мектеп-гимназиясы ұжымы білім берудегі жоғары сапа, үлгілі педагогикалық шеберлігі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.


2013 жылы республикалық «Орта білім беретін үздік ұйым» атанып, грант иеленді.